Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Үтік

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі

Үтік - киімдегі қыртыстар мен мыжылуларды тегістеуге арналған тұрмыстық техника бұйымы. Іші қуыс корпусы ортасына дейін тікбұрышты пішінде болып, алдыңғы бөлігіне қарай үшбұрышты формаға ауысады. Корпустың төменгі бүйір қабырғаларының екі жағында да желдетуге арналған бес-бестен тесік жасалған. Төменгі жағында ағаш тұтқасы бар, тұтас құйылған тіреулерімен жабдықталған ашылып-жабылатын қақпағы ірі тісті жиектерімен ерекшеленеді. Қақпақ корпусқа қозғалмалы бекітілген ілмек арқылы бекітіледі.
Мерзімі: ХХ ғасырдың басы.
Материалы: шойын.
Техникасы: құю.
Өлшемдері: тұтқасымен биіктігі - 19 см, корпусының биіктігі - 11 см, ені - 9,5 см, ұзындығы - 19,5 см.

Scroll to Top