Астау - ет ұсынуға арналған қазақтың дәстүрлі ыдысы. ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейін жасалған. Шебердің аты белгісіз, материал - ағаш. Қазақстанның барлық аймақтарында етке арналған терең, дөңгелек немесе сопақша пішінді ағаш астаулар кең тараған. Бұл ыдыстардың өлшемдері әртүрлі болған, ал әшекейлеу негізінен тұтқаларына зооморфтық өрнектер арқылы жасалған.
Мерзімі: ХІХ ғасырдың аяғы -ХХ ғасырдың басы.
Материал: ағаш.
Техника: ойып жасау,қашау.
Өлшемі: ұзындығы тұтқасымен-103 см, тұтқасыз- 89 см, ені-33 см, биіктігі- 13,5 см.