Тіс тікбұрышты пішінді, эмаль иілген формада. Жоғарғы қабаты қоңыр түсті, ішкі қабаты ашық сұр түсті, қара дақтармен араласқан. Тамырлары ішінара сақталған. Mammuthus primigenius Blum мамонттары шамамен 15 мың жыл бұрын қырылды және сол кезде Қазақстанда мекендеген соңғы піл тәрізді жануарлардың өкілі болды. Мамонттардың тек 4 тісі ғана болған, олар қатты өсімдіктерді шайнауға арналған.
Мерзімі: 2012 ж.
Материалы: сүйек
Техника: -
Өлшемдері: 26,5 × 12 × 6 см.