Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Түйме

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Түйме - зергерлік сәндік-қолданбалы өнерде кең таралған әшекей бұйымдардың бірі. Ол киімнің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын сәндік ілгек қызметін атқарады. Мұндай түймелер көбінесе күмістен жасалып, ішкі бөлігі қуысталып, әртүрлі пішін берілген. Сыртқы беті зерлеу (зер салу) әдісімен әшекейленеді. Аталған үлгідегі түймелер зергерлік тәжірибеде «торсылдық түйме» деп аталады. Сипатталып отырған торсылдық түйменің беткі бөлігінде күмістен зерлеу тәсілімен орындалған «Раушан» гүлінің бейнесі бейнеленген. Төменгі бөлігінде түйіршіктерден құралған өрнектермен сәнделген аспалы элемент бекітілген. Түйменің ілгегі жалпақ пішінде жасалған. Бұйым толығымен қолмен орындалған және дәстүрлі зергерлік технологиялардың қолданылғанын айғақтайды. Күмістен жасалынған.

Scroll to Top