Ерте темір дәуірінің ерте кезеңіне жататын Ұйғарақ археологиялық ескерткіш кешенінен табылған. Ыдыс саз балшықтан қолмен жасалып, күйдірілген. Пішіні орнықты, бүйірі кең, мойны салыстырмалы түрде қысқа болып келеді. Кейбір үлгілерінің беті тегістеліп, қарапайым сызықтық немесе толқынды өрнектермен безендірілген.
Мұндай құмыралар тұрмыста су, тағам және әртүрлі азық-түлік сақтау үшін пайдаланылған. Археологиялық тұрғыдан бұл бұйымдар Шірік-Рабат мәдениетінің шаруашылық жүйесін, қыш жасау дәстүрін және сол кезеңдегі тұрғындардың күнделікті өмірін зерттеуде маңызды дерек көзі болып табылады.
Бүршік тәрізді жапсырмамен безендірілген. Зооморобты стильде жасалған алғашқы құмыра.