Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Құмыра - б.з.д. IV-II ғасырларға жататын Шірік-Рабат мәдениетінің керамикалық бұйымы. Шірік-Рабат мәдениеті Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы өңірінде қалыптасқан, сақ дәуірінің кейінгі кезеңімен байланысты археологиялық мәдениет болып табылады.
Бұл мәдениетке тән құмыралар қолмен немесе қарапайым қыш шарығында жасалып, көбіне қалың қабырғалы әрі берік болып келеді. Олар тұрмыстық мақсатта - су, тағам, астық және басқа да шаруашылық қажеттіліктер үшін пайдаланылған. Құмыралардың пішіні жинақы, мойны мен ернеуі айқын. Шірік-Рабат мәдениетінің керамикалық бұйымдары сол дәуірдегі тұрғындардың отырықшы және жартылай көшпелі өмір салтын, қолөнер дәстүрі мен шаруашылық мәдениетінің дамығанын көрсетеді .

Scroll to Top