Б.з.д ҮІІ-ҮІ ғғ. өмір сүрген Ұйғарақ археологиялық ескерткіш кешенінен табылған. Бұл құмыра ерте темір дәуіріне жатады. Ол сақ мәдениетінің тұрмыстық және шаруашылық дәстүрлерін көрсетеді. Құмыра қолмен жапсырып жасалған, саз балшықтан күйдірілген. Пішіні жинақы, мойны қысқа, бүйірі домалақ болып келеді. Мұндай ыдыстар негізінен сұйық өнімдері үшін пайдаланылған.
Археологиялық тұрғыдан алғанда, бұл бұйым сол кезеңдегі қыш жасау технологиясын, күнделікті тұрмысты және шаруашылық құрылымды тануға маңызды дерек көзі болып табылады.