Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керамикалық дастарқан

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Ортағасырлық Жанкент қалашығына жүргізілген археологиялық экспедиция нәтижесінде қазақ дастарханының алғашқы прототипі - керамикалық дастарқандар табылды. Шеңбер формасында жасалған, артқы бөлігінің қақ ортасынан қуыс тостақан тәрізді биік тұғыры бар. Бұйымның жоғарғы беті тегіс жылтыр, көп кездесе бермейтін археологиялық олжа қатарына жатады. Бұл жәдігерлердің тұрмыста қалай пайдаланылғаны туралы екі түрлі болжам бар. Бірінші нұсқа - үстіңгі тегіс беті ас ішуге арналған сол заманның керамикалық дастарқаны десек, екінші нұсқа - оғыз әйелдері ас дайындау кезінде қамыр жаюға пайдаланған, қазіргі нантақтай рөлін атқарған деуге болады. Екі керамикалық дастарқанның өлшемі екі түрлі. Қос дастарқан оғыз керамикасына тән. Қызыл ангобпен боялған. Артқы бөлігі геометриялық ою-өрнекпен безендірілген. Дастарқанның дөңгелек пішіндес келуі космогониялық наным-сеніммен тікелей байланысты.

Scroll to Top