Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сандық

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 696a3aab473c21457

Сандық биік пішінді, екі ілмегі бар. Ілмелі жәшіктің түбінде құлыпқа арналған тақта орналасқан. Сандық қою жасыл және сары түсті матамен қапталған, жіппен кестеленген.Алдыңғы жағында сары матаға жасыл және қызыл жіптермен глади әдісімен кесте тігілген. Кесте бордюрлардан және орталық бөліктен тұрады, ортасында ромб пішінді элементтер орналасқан. Әр ромбтың ішінде «қос мүйіз» өрнегінің элементтері айқыш тәрізді орналасқан. Қақпақтың жоғарғы бөлігіне қара, бордо және қызыл түсті жүн жіптерінен жасалған үш-үштен 9 шашағы тігілген. Сандықтың бүйір жақтарында ілмек тәрізді тұтқалар орналасқан.

Scroll to Top