Шәйсандық - шәй ішуге арналған керек-жарақтарды салатын сандық. Ағаштан жасалған. Тікбұрышты пішінді, қақпағы үстіне қарай ашылады. Сандықтың сырты металмен көмкеріліп, сәндік элементтермен безендірілген. Алдыңғы жағы төрт тікбұрышты секторға бөлінген. Олардың әрқайсысында сүйектен жасалған тігінен орналасқан пластиналар бар. Ортаңғы бөлігі кең, шет жақтарында - жіңішке жолақтар. Бүйір жақтарында да сүйек пластиналар орнатылған. Барлық пластиналар жез шегелермен бекітілген, олар тесілген, ойылған, шығыңқы металл кірістерімен безендірілген.
Жез пластинада ішкі құлыпқа арналған дөңгелек кілт тесігі бар (беткі жағында, құлып құрамында). Бүйір жақтарында жез шеңберлі тұтқалар орнатылған. Сандықтың ішкі жағы фанера қалқалармен бірнеше тікбұрышты секторларға бөлінген. Төменгі оң жақ секторда 6 шыныаяққа арналған тесіктері бар тұғыр орналасқан. Қалқалардың үсті мен қақпақтың ішкі беті жасыл түсті матамен қапталған.