Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жүзік

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 696a37b8b386ceb6a

Жүзік. Салмақты пішіндегі жүзік көлемді қалқаншасымен ерекшеленеді. Қалқаншасы тұтас металлдан жасалған. Оның пішіні киіз үйдің қиындысына ұқсас пирамида тәрізді. Пирамида ұсақ метал түйіршіктерімен (зернь) жасалған. Пирамиданың ұшар басында металлдан жасалған домалақ шар орналасқан. Жүзіктің шеңбері екі жағынан ені 0,4 см болатын дәнекерленген таспамен көмкерілген. Бұл «таспаларда» қос сызықты зигзаг өрнегі бар. Орталық бөлігінде ені 1,5 мм болатын жіңішке дәнекерлі таспа орналасқан. Таспалардың арасындағы кеңістік зигзаг тәрізді оймалармен безендірілген. Қалқаншаның негізі - 2 мм, шаршы пішінді, әр қабырғасының ұзындығы 1,2 см. Шебер - зергер С. Оразов. Мерзімделуі : - 2008 жыл.

Scroll to Top