Жүзік дөңгелек ақ сыммен пресс-лентамен жиектелген. Жиектің үстінде сызылған өрнектер бар, айналасы ақ сыммен көмкерілген. Ол қажалған ақ шынының үстінде сіркелеу әдісімен өрнектер орналасқан, бір шетінде ортасынан бөліп тұрған жиектелген сым жүргізілген. Ақ шынының астында қызыл тас бар.