Ыдыстың мойны мен иық тұсында қызыл-қоңыр, қара-қоңыр түсті ангобпен көмкерілген. Пішіні иық тұсы кең, мойын жағы тарлау болып келген. Ернеуі сыртқа қарай аздап шалқайған. Құмыраның иығы мен мойын тұсына жапсырылған тұтқасы бар. Түбі кең, жалпақ. Ернеуі мен мойын тұсының жартысы жоқ.
Мерзімі: б.д. І-ІV ғғ.
Материалы: керамика, ангоб
Техникасы: қолмен жапсыру, күйдіру.
Өлшемі: биіктігі - 30 см; диаметрлері: түбі - 12 см.