Тостаған - қымызға арналған шара, дөңгелек пішінді, тұтас ағаштан ойылып жасалған. Ішкі түбі сыртқы бөлігінен кіші. Ішкі және сыртқы қабырғалары өрнектелген күміс пластиналармен әшекейленген. Шараның төменгі бөлігін металл мен шегелер белдей орап тұр. Қоңыр түсті өсімдік бояуымен боялған.
Шығуы: шебер А.Есалинов жасаған.
Мерзімі: XXғ. басы
Материалы: ағаш, күміс, жапсырма.
Техникасы: қолөнер жұмысы
Өлшемі: h -8 см. диаметр - 15 см.
Салмағы: 500 гр.