Пішіні - қысқа мойынды, орта тұсы кеңейіп, түбіне қарай тарыла түскен. Мойны мен бүйіріне жапсырылған жалпақ екі тұтқасы бар. Ыдыстың түбі сәл ойыс келген. Іші-сырты кіршіл көгілдір түсті бояумен боялған. Бетіне қою күлгін түсті бояумен тор көзді өрнек салынған.
Мерзімі: XVIII-ХІХ ғғ.
Материалы: керамика.
Техникасы: көзеші шарығы, күйдіру.
Өлшемі: ернеуі - 8 см; түбінің диаметрі - 5,5 см.