Жартылай сопақ пішінді, дөңес, бедерлі бұйым. Алдыңғы жағында мысық тұқымдас жыртқыш - жолбарыстың беті анфас бейнеленген. Жыртқыштың көздері сопақша, мұрттары қалың, аузы анық көрсетілмеген. Құлақтары желке тұсында жарты доға тәрізді, тік орналасқан. Қапсырманың төменгі жиегінде тігуге арналған бір тесік бар. Артқы жағында екі сопақша ілмек дәнекерленген.
Табылған жері: Покров қорымы, 2-қорған, Орынбор облысы.
Мерзімі: б.з.д. V ғасыр.
Материалы: алтын.
Техникасы: штамптау, соғу, дәнекерлеу.
Өлшемдері: ұзындығы - 2,25 см, ені - 1,85 см, биіктігі - 0,75 см.
Салмағы - 2,23 г. Сынамасы - 833.