Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Торсық

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Көшпелі қазақ тұрмысында кеңінен қолданылған сусын құюға және сақтауға арналған торсық. Ол иленген теріден жасалып, қалыпқа салынып пішінделген. Беті дәстүрлі қазақ ою-өрнектерімен әсемделіп, қызыл, қоңыр, қара түстермен боялған. Жоғарғы бөлігіне ағаш тығын орнатылған. Торсықтың екі жанынан өрілген теріден жасалған бау өткізіліп, асып жүруге ыңғайланған.Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтын, этнографиялық мұрасын көрсететін құнды жәдігер. Торсық - тері өңдеу және сәндік-қолданбалы өнердің жарқын үлгісі.
Мерзімі: ХХ ғ.
Материалы: тері
Өлшемі: ені - 25 см.
ұзындығы -43 см.

Scroll to Top