Көзешілер арасында жасалған құбыр. Қыштан жасалған.Дене диаметрінің бір ұшының диаметрі тар етіп жасалған 2 см құрайды. Құбырдың жоғарғы жағында алты қатардан орналасқан он сегіз дөңгелек тесік бұрғыланған. Құбырдың тар бөлігі соғылған. Саздың құрамы біркелкі. Жақсы күйдірілген. Жамбыл қаласындағы Коммунистическая көшесіндегі Ленин атындағы мектептің жанында 1 м тереңдікте жер қазу жұмыстары кезінде табылды.Аталған су құбырды су бұрқақ (фонтан) ретінде немесе суды қоқыстан фильтрлеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Материалы: қыш
Мерзімі: ІҮ ғ. - ҮІІІ ғ.
Табылған орны:Жамбыл қаласы «Коммунист» көшесі