Беті тегіс, жиектері иілген, төрт жазық бұрыштары тұрақты аяқтарға біріктірілген шаршы пішінді жылтыратылған қыш үстел. Ақ саздан жасалынған сырлы үстел ХІІІ ғасырға жатқызылады. Аталған үстел ғалымдардың болжамы бойынша әйелдің жеке гигиеналық үстелі болуы мүмкін. Бұл табылған үстелмен қатар құмыра, айна бірге табылған.
Авторы:белгісіз
Мерзімі:ХІІІ-ХІҮ ғ.
Материалы:ақ саз балшық
Өлшемі:40 см. х 45 см.