Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қоладан жасалған еліктің мүсіні

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 6969eb8a5af624307

Сақ дәуіріне жататын еліктің мүсіні. Аңдық стильде көне шеберлердің қолынан шыққан бірегей олжа. Орта Азия бойынша елік шекаралардың, денсаулықтың, қауіпсіздіктің қорғаушысы ретінде саналған. Жетісуда өмір сүрген сақтарда қоладан жасалынған құрбан шалынатын мүсіндер болған. Көп жағдайда мұндай заттар мәйітпен бірге жерленуі немесе діни рәсімдердің негізгі элементі болып табылады. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Амангелді совхозының тұрғыны кездейсоқ тауып алған.
Материалы: қола
Мерзімі: б.з.д. VIII-IV ғғ.

Scroll to Top