Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Су сағаты

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 6969ea809e23eebf3

Қыш ыдыстың бір бөлігі конус пішінді аяқталған, екінші бөлігінде ойық бар, көлденең жатқызылады, екі аяқ бекітілген, бір аяғы жоғалған. Ал қарама-қарсы бетінде көлденең тұтқасы бар. Су сағаты көзешілер ортасында жасалынған, қоспасыз бірқалыпты күйдірілген. Бұл арнайы қыш ыдыс суаратын судың үлесін анықтау үшін қолданылған. Яғни егістікті қанша уақыт суаратыны, қаншалықты судың мөлшері кететіндігін анықтау үшін пайдаланылған. Жәдігер Орталық Азия және Қазақстан территориясындағы табылған алғаш олжа. Мұндай ұқсас сағат Көне Грецияның қоныстарына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. 1965 жылы Шу өзенінің сол жағалауының жылғасынан кездейсоқ табылған.
Материалы: қыш
Мерзімі: VI-VIII ғғ.
Өлшемі: Ернеуі - 9 см, ұзындығы -34 см, диаметр - 44 см

Scroll to Top