Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Соғды үлгісіндегі құмыра

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 6969e706a62d742c2

Бұл құмыра соғды мәдениетінің үлгісінде жасалған, сол кезеңнің көркемдік және қолданбалы өнеріне тән ерекшеліктерді бейнелейді. Құмыраның материалы - саз балшық, пішіндеу және күйдіру арқылы жасалған. Құмыраның пішіні дөңгелек, мойны биік, аузы сұйықтық құюға арналған, тұтқасы бар. Құмыраның тұмсығы, пішіні құстың бейнесін елестетеді. Бұл бейне мыспен безендіріліп, ерекше сәндік мәнге ие. Құмыраның өрнектері жабыстырып қолдан жасалған, яғни бедерлі түрде пластикалық тәсілмен орындалған. Мұндай тәсіл соғды өнеріне тән стильдік әдістерді көрсетеді.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Жалпақ төбе» ауылының маңынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Мерзімі: VІІ-VІІІ ғғ.
Материалы: қыш
Техникасы: саусақ іздерімен жасалған.
Өлшемі:14 см. х 9.см. х 23 см.

Scroll to Top