Қызыл барқыттан тігілген, қызыл жібекпен астарланған әйелдің сырт киімі. артқы бойына, бел тұсынан майда бүрмелер салып қыналған. жағасы тік. тірсек жеңі таяз жең ойындысына қондырылған. арқалығы екі бөліктен тұрады. жағасы, өңірі, жеңінің аузы, етегіне айналдыра қазылсары ширатпа зермен көгеріс өрнек кестеленген.
Иесі: Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің әйелі Фатима ханым.
Мерзімі: ХІХ ғ. ортасы.
Материалы: барқыт, жібек.
Техникасы: ширатпа зер, кесте.
Өлшемі: жалпы ұзындығы 95 см, жең: ұзындығы 25 см, ені 18-26 см, екі иіннің аралығы 35 см, етегінің шалғайы 160 см, өңірінің ені (етегінде) 43 см.
Шығу тегі: Орал өңірі.