Дулыға қақталған темірден соғылған, конус пішінді. Жәдігер ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, 2011 жылы Айтбай батырдың алтыншы ұрпағы Мұрат Жанұзақов (Сарыкөл ауданының тұрғыны) дулығаны музейге сыйға тартты.
Қанжығалы руынан шыққан Айтбай батыр ХVІІІ ғасырдың ортасында дүниеге келген, 1740 жылдары жоңғарлармен болған шайқасқа қатысқан.
Мерзімделуі: XVIII ғ., Сарыкөл ауданы.
Материалы: темір.
Техникасы: соғу, қол жұмысы.
Өлшемі: 13х20 см.