Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қола қазан

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Минусинск алқабының қазандарына ұқсас «скифтік түрде» құйылған қола қазан. Қиық конус түріндегі табандығы жартылай сфера пішінді қазанның түбіне дәнекерленген, мойны ұзартылған және ернеуі сыртқа қарай қайырылған. Ернеуі ішке қарай иілген таспа түрінде безендірілген. Қазанның бүйіріне екі көлденең таға тәрізді құлақ дәнекерленген. Сырты екі жіңішке белбеумен бау түрінде әшекейленген. Қазан екіге бөлінген, оны сырт жағынан сұйық қорытпамен дәнекерлеген.
Мерзімі: б.з.д. IV ғ. - б.з. II ғ., Наурызым қорығы.
Материалы: қола.
Техникасы: құйма.
Өлшемі: h - 26 см, d - 24.5 см.

Scroll to Top