Ердің негізі ағаштан жасалып, терімен қапталған. Алдыңғы қасы артқы қасынан биіктеу, артқы қасы жалпақтау жасалған. Ердің алдыңғы биік қасына күмістен жасалған жапсырма бекітілген. Қарайту тәсілі арқылы нақышталып, өсімдік тектес ою-өрнектер жүргізілген. Күмістің бетіне қызғылт сары үш ақық және көгілдір түсті перузалар қондырылған. Қостанай облысы Қарабалық ауданының № 10 ауылы.
Мерзімі: к. XIX - н. XX ғғ.
Материалы: күміс, ақық, тері, ағаш.
Техникасы: ою, нақыштау, қарайту, қол жұмысы.
Өлшемі: 42х29 см.