Қапсырма стильденген көбелек тәрізді жасалған. Екі бөліктен құралып, киімнің екі өңірін бір-біріне бекітетін ілгек орнатылған. Қапсырманың әрбір жартысы - көбелектің қанатына ұқсас, бес сегменттерге бөлінген, гүлдің күлтесіне ұқсас пішінде жасалған. Бөліктері қарайтылған күміспен қапталған екі шиыршықты бұрама түріндегі өрнекпен әшекейленген. Өрнектер сегменттерде кезектеседі. Қапсырманың ортасы көбелектің тұлғасы түрінде жасалып, шеттеріне қарай дөңгеленген. Қапсырмада киімге тігуге арналған бес тесік бар.
Мерзімделуі: ХХ ғ. басы
Материалы: күміс, эмаль.
Техникасы: қалыптау, нақыш, оқалау, зерлеу, қаралау, дәнекерлеу.
Өлшемі: 9,0х6,8 см.
Вес: 58,98 г.