Екі ағаш тақтайдан жасалған, созылмалы былғары және қыртысты қабырғалары бар ауа үрлейтін құрылғы. Ол алмұрт тәрізді пішінге ие. Бір жағы ұстап тұратын тұтқалармен, екінші жағы ауа шығару үшін жасалған.
Материалы: металл, ағаш, былғары.
Өлшемдері: ұзындығы-58см, ені-23,5 см.
Техникасы: былғары өңдеу және ағаш өңдеу техникасы.
Сақталуы: қанағаттанарлық, деформация, жыртылу, жарықтар бар.