100 теңге банкноты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Банкноттың бет жағында күлгін түс басым. Сол жақ төменгі бұрышында және оң жақ жоғарғы бөлігінде «100» номиналы көрсетілген. Оң жағында Абылай ханның портреті және оның есімі мен өмір сүрген жылдары (1711-1781 жж.) тігінен орналастырылған. Портреттің төменгі сол жағы ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Сол жағында Абылай ханның сутамғы (сутаңба) түріндегі бейнесі берілген, жоғарғы бөлігінде ою-өрнек элементтері орналасқан.
Банкноттың сырт жағында қызғылт түс басым. Орта тұсында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі бейнеленген. Сериясы: ВА 5416802.
Мерзімделу кезеңі:
1993
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
144 × 69 мм
Санат:
Нумизматика