Қабырғаға ілінетін ТАХ-Б телефоны
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1972 жылы шығарылған ТАХ-Б үлгісіндегі қабырғаға ілінетін телефон аппараты. Бұл жәдігерді Жылыой ауданының тұрғыны Достанбаев Құралбай музей қорына сыйға тапсырған. Телефон корпусы мен қоңырау блогы соққыға төзімді пластиктен жасалған, ал ішкі механизмдері металдан құрастырылған. Алдыңғы бетінде айналмалы нөмір тергіші орналасқан, жоғарғы жағында аппаратты пайдалану жөніндегі зауыттық нұсқаулық жазылған. Сол жағында телефон тұтқасы, ал артқы бөлігінде қабырғаға бекітуге арналған металл тетіктері бар. Мұндай телефондар ХХ ғасырдың екінші жартысында мекемелерде, өндіріс орындарында және байланыс жүйесінде кеңінен қолданылып, сол кезеңдегі телекоммуникация техникасының даму деңгейін көрсететін тарихи жәдігер болып табылады.
Мерзімі: 1972 ж.
Материалдары: Пластик, металл.
Техникасы: «Пермь» зауытының өндірісі.
Өлшемі: 20,5 × 19 × 12 см.