Дәстүрлі ат әбзелі - Қамыт
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қамыт - көшпелі және отырықшы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әсіресе жүк тасу мен егіншілік шаруашылығында маңызды рөл атқарған ат әбзелі. Бұл жәдігер XX ғасырдың басындағы қазақ қолөнершілерінің (ерші, қайысшылардың) тері өңдеу, өру және ат әбзелдерін жасау технологиясын, сондай-ақ сол дәуірдегі дәстүрлі көлік қатынасының деңгейін көрсететін құнды жәдігер болып табылады.
Жәдігер - атты көлікке (арбаға, шанаға) жегуге арналған, іші жұмсақ толтырылып, сырты қара түсті терімен қапталған сопақша пішінді мойынтұрық (қамыт).Қамыттың жастығы (ішкі жағы): Аттың мойны мен иығын қажамау үшін ішіне жүн/қыл салынып, қалың етіп тігілген.Қамыт ағашы (шеңбері): Негізгі күш түсетін ішкі иілген ағаш бөлшектері толықтай терімен қапталып, жиектері ақшыл түсті берік қайыс жіппен айқастырыла сырылған.Сыңарлықтары мен супонь: Қамыттың төменгі ашық ұштарын бір-біріне тартып байлайтын берік кендір бау (супонь) сақталған. Екі жанында шананың немесе арбаның оглоблясына (сырығына) бекітілетін қайыс құлақтары (гуж) орналасқан.