Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қырықтық (Қой қырқатын дәстүрлі қол қайшы)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қырықтық (Қой қырқатын дәстүрлі қол қайшы). көшпелі және отырықшы қазақ халқының төрт түлік мал өсіру кәсібіндегі, соның ішінде қой шаруашылығындағы ең негізгі еңбек құралдарының бірі.
Жәдігер біртұтас темір кесегінен соғып жасалған, серіппелі негізі бар дәстүрлі мал шаруашылығы құралы. Қайшының екі жүзі үшбұрыш пішінді, ұштары сүйірленіп келген.
Тұтқа бөлігі сопақша иіліп, түйіскен жерінде серіппелі (пружиналы) шеңбер құрайды. Бұл конструкция қолмен қысқанда жүздердің бір-біріне жабылып, жібергенде қайта ашылуын қамтамасыз етеді. Экспонаттың бетінде уақыт өте келе пайда болған қалың тотығу (дат) іздері бар, жүздерінде майда сызаттар мен мүжілулер байқалады.

Мерзімделу кезеңі: XIX - XX ғғ.
Материал: Металл
Өлшемі: Ұзындығы: 28 см.
Санат: Канцелярлық тауарлар
Scroll to Top