Ұршық (Дәстүрлі жіп иіру аспабы)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұршық - көшпелі қазақ қоғамындағы әйел затының ең басты және киелі еңбек құралдарының бірі. Ол тұрмыста киіз үй жабдықтарына (бау-шу, басқұр, алаша) және киім-кешекке (шекпен, шұлық) қажетті жіптерді дайындау үшін баға жетпес рөл атқарды.
Жәдігер толықтай ағаштан жонып жасалған, екі негізгі бөлшектен тұратын жеңіл қол құралы:
Ұршық сабы (оғы): Жоғарғы жағы жіңішке, төменгі ұшы сүйірленіп келген ұзынша шыбық. Саптың жоғарғы басында жіп бекітетін арнайы иірімді ойығы немесе көлденең мұрындығы (шырпысы) болады.
Ұршық басы (салмағы): Саптың төменгі немесе ортаңғы бөлігіне кигізілген, ортасы тесік дөңгелек диск (жарты шар пішінді). Ол ұршық айналған кезде екпін (инерция) беріп, оның ұзақ әрі бірқалыпты айналуын қамтамасыз етеді.