Белдік ұштамасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Арқарлар бейнеленген белдік ұштамасы (фрагмент). Төртбұрыш пішінді сәл иілген ұштаманың томпақтау беті екі қатарға дәнекерленген арқар мүсіншелерімен безендірілген, жоғарғы бірінші қатарда 2, екіншісінде 3 мүсінше бар. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық-ұяшықтар бар, аралықтары жиі түйіршіктермен толтырылған. Ұштаманың тегіс жиегі астына қарай иілген. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.
Мерзімделу кезеңі:
Б.з.д. VIII-VII ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Дәнекерлеу, Инкрустация, Құю
Өлшемі:
ұзындығы - 4,61 см, ені - 2,52 см, биіктігі - 0,7 см. Салмағы - 14,04 грамм. Сынама - 900.
Санат:
Археология, Бағалы металл (алтын)