Қылыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қылыш - қазақ жауынгерлерінің дәстүрлі қаруы. Бұл үлгі қара темірден жасалған, жүзі болаттан соғылып, өткірлігімен ерекшеленеді. Қылыштың сабы ағашпен қапталған, ұстауға ыңғайлы етіп өңделген. Қылышқа арналған ножны (қыны) ағаштан жасалып, сыртқы беті табиғи терімен қапталған. Екі жағынан темірден жасалған сәндік ілгектермен бекітілген. Бұл темір элементтерге дәстүрлі өрнек ойылып түсірілген. Бұйым құю, металл өңдеу және былғарылау секілді дәстүрлі шеберлік техникасымен жасалған. Белбеуге ілінетін ремешоктың ұзындығы мен ені сақталған, ортасында темір сақина (диаметрі 5 см) орналасқан. Қылыш пен оның ножнысы әскери-этнографиялық жәдігер ретінде бағалы, әрі қазақ қару-жарақ жасау дәстүрінің көрнекті үлгісі болып табылады.
Датировкасы: 2022 ж.
Материалы: Темір, болат, ағаш, былғары
Техникасы: Құю, өңдеу, былғарылау
Өлшемдері:
- Жалпы салмағы: 1,5 кг
- Қылыштың ұзындығы: 92 см
- Қылыш жүзі: 77 см
- Қылыш ені: 33 см
- Ножны ұзындығы: 78 см
- Ножны ені: 5 см
- Белдік ұзындығы: 127 см
- Белдік ені: 2 см
- Ортасындағы диаметр: 5 см
Алынған уақыты: 2022 ж.
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ