«Еркін дала» панносы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Зейнеденова Тілекши Жұмажанқызы. 1986 ж.т.
Композициясы көпфигуралы, кеңістіктік, көпжоспарлы және динамикалық. Туынды сәндік-қолданбалы өнер жанрында, пейзаж элементтері мен сюжеттік-тақырыптық композиция негізінде орындалған. Паннода дала кеңістігінің шартты-жинақталған бейнесі берілген. Композицияның орталық және оң жақ бөліктерінде далада қозғалып келе жатқан түйелер тобы бейнеленген. Сол жақ бөлігінде киіз үйдің шартты бейнесі орналасқан. Композицияның төменгі бөлігінде алыста көз ұшына дейін созылып жатқан жол бейнеленген. Жоғарғы бөлігін ірілендіріп стильдендірілген күн бейнесі мен ою-өрнектік сипатта берілген бұлттар алып жатыр. Түстік шешімінде қызғылт, таңқурай түсті, қызыл, маржан түсті, сары, қызғылт сары, көгілдір, көк және қара түстер басым.