Қораз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Жантасов Әділқайыр Пангерейұлы. 1958-2021 жж.
Сәндік-мүсіндік жанрдағы жанрлық композиция табиғи ағаштан орындалған. Туынды шартты-сәндік стильде шешілген. Композиция асимметриялық құрылымда құрылған, ағаштың табиғи діңі мен бұтақтарының иірімді, ирек пішіндері сақтала отырып, адам немесе мифологиялық бейнеге ұқсас шартты образ қалыптастырылған. Ағаштың табиғи фактурасы, жарықтары мен беткі қабатының бедері композицияның көркемдік әсерін күшейтеді. Түстік шешімінде табиғи ағаштың қоңыр, сұр, жасылдау және қою реңктері басым. Туындыда табиғи материалдың пластикалық мүмкіндіктері мен сәндік ерекшеліктері ұтымды пайдаланылған.
Мерзімделу кезеңі:
2005 г.
Материал:
Ағаш
Техника:
Оюлау, Тесу, оймалау
Өлшемі:
86 х 98 см.
Санат:
Сәндік-қолданбалы өнер