Тың даланың триптихы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Графикалық туынды үш бөлікке бөлінген мазмұнды композициядан тұрады. Орталықта - жұмыс киіміндегі үш жас жігіт гитара ұстап, ән шырқап тұр. Бұл бөлімде жастықтың сергектігі мен рухани дүниесі бейнеленеді. Сол жақ бөлікте - тұрғын үйлердің құрылысы бейнеленген. Құрылыс техникасы мен жаңарып жатқан кеңістік кеңестік заманның индустриялық дамуын сипаттайды. Оң жақ бөлігінде - дала жұмыстары, ауылшаруашылық техникасы, түтін шығарып тұрған мұржалар мен жоғары кернеулі бағаналар көрінеді. Бұл - ауыл тіршілігінің, еңбек өнімділігі мен технологиялық прогрестің көрінісі. Шығарма түсті офорт техникасында орындалған. Бұл әдіс бейнеге тереңдік, реңдік байлық пен композициялық тұтастық береді. Жұмыс - кеңестік дәуірдегі жастық, еңбек және қоғамның үйлесімді дамуын бейнелейтін көркем шығарма ретінде маңызды.
Датировкасы: 1979 ж.
Аймақ: Қазақстан
Материалы / техникасы: Түсті офорт
Қабылданған уақыты: 1992 ж.
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ