Композиция бұрыштары дөңгеленген тік бұрышты жақтаудың ішіне орналастырылған. Композицияда екі алдыңғы тізесі бүгіліп құлаған үлкен түйенің мойнынан тістеп тұрған жыртқыш бейнеленген. Түйенің басы төмен еңкейген, алдыңғы екі аяғы бүгулі, денесі ірі, екі өркеші анық көрсетілген және құйрығы ілмек тәрізденіп бір жақ қырынан бейнеленген. Жыртқыш шабуылды қозғалыс жасап тұрған қалыпта бейнеленген. Кейбір дене мүшелері анық көрсетілмеген.
Ж.с.д. II ғ.
Қола, құйма
8,9 × 4 × 0,7 см
Қарамұрын 2, 1-оба, Орталық Қазақстан
М.К. Қадырбаевтың қазбасы