Ернеуі тік пішінді құмыра тәрізді ыдыс, мойыны ұзын, бүйірі тегістелген. Табаны дөңес. Бүйірі жалпақ сызықшалармен және тең бүйірлі үшбұрыштармен өрнектелген, олардың іші ирек сызықтармен толтырылған. Ыдыстың мойны мен бүйірі түйіскен жер екі қатар белдемше сызықтар арқылы өрнектелген.
Ж.с.д. VІІІ-VІ ғғ.
Саз, жапсыру, күйдіру
13,5 × 17 см
Измайловка, Шығыс Қазақстан
А.С. Ермолаеваның қазбасы