Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кресло

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кресло - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов тұтынған тұрмыстық жиһаздардың бірі. Кресло демалысқа және қонақ бөлмеде пайдалануға арналған. Кеңес дәуіріндегі үй интерьеріне тән жиһаз үлгісі ретінде қолданысқа ыңғайлылығымен және беріктігімен ерекшеленеді.
Қара түсті жасанды былғарымен қапталған жұмсақ кресло. Қаңқасы ағаштан жасалып, сырты бедерлі ою элементтерімен безендірілген. Арқа сүйеніші мен қолтық тіреулері жұмсақ етіп қапталып, көлденең бедерлі тігістермен көмкерілген. Отырғыш бөлігі серіппелі жұмсақ материалмен толтырылған.

Мерзімделу кезеңі: 1953 ж.
Материал: Ағаш
Техника: Құрастыру
Өлшемі: 75 х 94 см.
Санат: Жиһаз
Scroll to Top