Тумбочка
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
ХХ ғасырдың ортасына тән, кеңселік немесе жұмыс кабинетіне арналған ағаш тумбочка. Бұл жәдігер сол дәуірдегі мемлекеттік мекемелер мен басшылардың кабинеттеріндегі интерьердің ажырамас бөлігі. Табиғи ағаштан жасалған, классикалық кеңсе стилі (сталиндік ампир элементтерімен). Ашық қоңыр түсті. Тумбочканың үстіңгі беті жасыл түсті драппен (мата) қапталған. Тумбочканың жоғарғы жағында бір жылжымалы жәшік орналасқан. Оның ортасында металдан жасалған, кілт сұғатын тесігі бар сәнді тұтқа-планка бекітілген. Төменгі бөлігінде екі есігі бар үлкен бөлім. Оң жақ есігінде металл құлып орны сақталған. Жиһаз төрт аласа, мығым ағаш аяққа орнатылған.
Мерзімделу кезеңі:
1956 ж.
Материал:
Ағаш, Драп, Металл
Техника:
Құрастыру
Өлшемі:
80 х 70 х 40 см.
Санат:
Жиһаз