Кітап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кітап. «Алтышаһарға сапар»
Көкшіл түсті мұқабамен тысталған бұл кітаптың жоғарғы оң жақ бұрышында «Атамұра кітапханасы» деген жазуы орналасқан. Мұқабаның ортасында Шоқан Уәлихановтың салған тарихи суреттерінің бірі бейнеленіп, оның үстіне ақ әріптермен кітап атауы-«Алтышаһарға сапар» жазылған. Сурет шетінде автор есімі-«Шоқан Уәлиханов» тік бағытта көрсетілген.Кітапта Шоқан Уәлихановтың Шығыс Түркістанға жасаған ғылыми экспедициясы кезінде жазылған, Алтышаһар немесе Қашқария аймағының тарихы, географиясы мен әлеуметтік құрылымына арналған терең зерттеу еңбектері топтастырылған. Бұл-өз дәуіріндегі ғылым биігінен жазылған, әлемдік деңгейдегі тұңғыш бірегей зерттеу жұмыстарының бірі.Шоқан Уәлиханов .Алматы, «Атамұра» баспасы. 306 бет.