«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерекелік медальі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Пішіні - шеңбер. Аверсі: мерекелік отшашу бейнесі, Сталинград шайқасының батырларына арналған ескерткіш-кешенінің «Родина-Мать» мүсіні; «1945-1975» датасы. Реверсі: «УЧАСТНИКУ ВОЙНЫ», «ХХХ лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» жазулары. Барлық жазулар мен суреттер дөңес. Медаль құлақша мен сақина арқылы қызыл түсті жібек қатқыл лентамен қапталған бес бұрышты тағанға жалғанады.Ұлы Отан соғысына қатысушы Ж.Есенбековтің марапаты. Мерзімі: 1975 ж.
Материал: жез, жібек қатқыл мата;
Техникасы: шекімелеу.
Өлшемі: диаметрі 36 мм.
Санат:
Нумизматика
Материал:
Жез
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Ысылған, дақтары бар. Қатқыл матасы түсі онған, көлемді жерлері жыртылған. Сақинасы сақталмаған.