Алдабергенов ауылының сәулеттік макеті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Елді мекен макеті - сопақша пішінді негізге орналастырылған жоспарлық модель. Онда жүйелі көшелер, тұрғын үйлер, қоғамдық және спорттық нысандардың орналасуы көрсетілген. Тұрғын үйлер қатарлы тәртіппен орналасып, ақ қабырғалы және қызғылт-сары шатырлы үлгіде жасалған. Орталық бөлігінде қоғамдық-әкімшілік ғимараттар кешені орналасқан. Сол жақта жүгіру жолағы бар стадион, төменгі бөлігінде көк түсті ашық бассейн бейнеленген. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары ашық түсті сызықтармен белгіленген. Тұрғын аймақтар, стадион маңы және саябақтар жасыл желекпен безендірілген.
Мерзімделу кезеңі:
1950 ж.
Материал:
Бояу, Картон, Фанера
Техника:
Құрастыру
Өлшемі:
180 х 100 см.
Санат:
Макеттер