Қалам салғыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қалам салғыш - XX ғасырдың екінші жартысына тән кеңсе бұйымы. Негізгі бөлігі ашық түсті пластмассадан жасалған, жоғары қарай кеңейетін сегіз қырлы стақан пішінді. Бетінде көгілдір және қоңырқай мәрмәр тәрізді өрнек бар. Стақан бөлігі мөлдір, бедерлі пластик бекіткіш арқылы ақшыл табиғи мәрмәрдан жасалған төртбұрышты тұғырға орнатылған. Пластик пен мәрмәрдің үйлесімі бұйымға ретро сипат береді.
Мерзімделу кезеңі:
1952 ж.
Материал:
Мәрмәр, Пластмасса
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
14.5 х 4.5 см.
Санат:
Канцелярлық тауарлар