Мәжіліс үстелі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мәжіліс үстелі - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов жұмыс барысында пайдаланған жиһаз. Колхоз басқармасының мәжілістері, өндірістік кеңестер және шаруашылық мәселелеріне арналған жиындарда қолданылған. Үстел тікбұрышты пішінді, табиғи ағаштан жасалып, ашық қоңыр лакпен өңделген. Төрт аяғы жуан әрі берік. Үстіңгі беті жасыл түсті драп матасымен қапталған, бұл оған кеңестік кезеңге тән ресми сипат береді.
Мерзімделу кезеңі:
1956 ж.
Материал:
Ағаш, Драп
Техника:
Құрастыру
Өлшемі:
250 х 100 х 80 см.
Санат:
Жиһаз