Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тумбочка

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ағаштан жасалған шағын тумба (шкафша). Бұйым ХХ ғасырдың орта шенінде кеңінен қолданылған тұрмыстық жиһаз үлгісіне жатады. Төменгі бөлігінде есікті шкаф, жоғарғы жағында суырмасы орналасқан. Сыртқы беті табиғи ағаштың текстурасын сақтай отырып лакпен қапталған. Тумбаның бұрыштары жұмырланып өңделген, төрт қысқа аяғы бар.
Беті жасыл түсті драп матасымен қапталған. Жоғарғы бөлігіндегі суырма металл құлыппен жабдықталған. Төменгі шкаф бөлігінің есігі де металл ілмек-тұтқамен бекітіледі. Қарапайым әрі ықшам пішіні сол кезеңдегі кеңестік жиһаз өндірісіне тән.

Мерзімделу кезеңі: 1956 ж.
Материал: Ағаш, Драп
Техника: Құрастыру
Өлшемі: 77 х 56 х 36 см.
Санат: Жиһаз
Scroll to Top