Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кітап шкафы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кітап шкафы - ағаш материалдан жасалған, екі есікті, тік пішінді жиһаз бұйымы. Шкафтың сыртқы бөлігі табиғи ағаштың түсін сақтай отырып лакпен өңделген. Құрылымы берік, классикалық үлгіде жасалған. Алдыңғы бөлігінде екі үлкен әйнекті есік орнатылған. Әйнек бөліктері кітаптар мен құжаттарды сырт көзге көрсетіп тұруға мүмкіндік береді. Есіктерінің төменгі бөлігі тұтас ағашпен жабылып, жиектермен көмкерілген.
Шкафтың ішкі бөлігінде 6 көлденең сөрелер орналасқан. Жиһаздың есіктері металл тұтқалармен жабдықталған. Шкафтың жалпы пішімі тік төртбұрышты, көлемі кең әрі биік болып келеді.

Мерзімделу кезеңі: 1952 ж.
Материал: Ағаш, Шыны
Техника: Құрастыру
Өлшемі: 35 х 110 х 203 см.
Санат: Жиһаз
Scroll to Top