Майлан Бекеновке тиесілі кәсіподақ билеті № 545789
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат кітапша түріндегі екі беттік кәсіподақ билетінің ашымалы бланкісінен тұрады. Сол жақ бетінде орыс тілінде «ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОЧИХ НЕФТЯНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ», «ПРОФСОЮЗНЫЙ БИЛЕТ» деген мәтіндер, № 545789 нөмірі және билет иесі туралы қолжазба мәліметтер берілген. Майлан Бекенов 1897 жылы туған, мамандығы - шебер, кәсіподаққа 1932 жылы кірген. Оң жақ бетінде қазақ тіліндегі мәтін қайталанып, фотосуретке арналған орын қарастырылған. Құжатта иесінің және кәсіподақ комитеті төрағасының қолдары, сондай-ақ ұйымның дөңгелек мөрі бар.
Мерзімі: 26 ақпан 1954 ж.
Материалдары: Қағаз, сия, типографиялық бояу, химиялық қарындаш
Техникасы: Типографиялық баспа, қолмен толтыру, мөр басу
Өлшемі: 8,5 × 11,5 см
Мерзімделу кезеңі:
1954
Материал:
Қағаз
Техника:
Типографиялық баспа
Өлшемі:
8,5 × 11,5 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)